jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Азия чемпионатында еліміздің 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 7 медаль алды

    Азия чемпионаты
    Азия чемпионаты. Фото: t.me/kfbmedia

    World Boxing аясында Таиланд астанасы Бангкок қаласында 19 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жарысты аяқтады, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Құрлықтық додада отандастарымыз 7 медальға қол жеткізді. Оның ішіне 1-еуі алтын, 1-еуі күміс, 5-еуі қола медальға қол жеткізді.

    Ел құрамасынан Құралай Егінбайқызы (80 келі) Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Ол ақтық сында үндістандық Критика Уасаннан 3:2 есебімен басым түсті.

    Ал Аяжан Ермек (57 келі) күміс жүлдегер атанса, Айым Таңқыбаева (51 келі), Жанель Имантаева (54 келі), Алина Кұдайгенова (60 келі), Ақбота Есімбекова (65 келі) және Сабина Жақсылық (80 келіден жоғары) үздік үштікті түйіндеді.

    Құрлықтық дода 30 шілде-12 тамыз аралығына белгіленген. Оған 25 елден 396 боксшы (237 ер және 159 әйел) қатысады деп жоспарланып отыр.

    Олардың арасында Қазақстан, Ауғанстан, Филиппин, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Непал, Қатар, Қытай, Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд, Түрікменстан, Өзбекстан, БАӘ, Въетнам, Бутан бар.

    Азия чемпионатында еліміздің 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 7 медаль алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.