jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Биыл бокстан Қазақстан чемпионаты қай қалада өтетіні белгілі болды

    Боксшы
    Боксшы. Иллюстрациялық фото: FOTOKITA/Getty Images

    Биыл бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты еліміздің қай өңірінде өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Федерацияның мәліметінше, бокстан Қазақстан біріншілігі 12-19 қазан күндері Семей қаласындағы "Абай арена" кешенінде өтеді. 

    Бұдан бөлек, қазақ боксшылары World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады.

    Бұған дейін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы толық жасақталғанын жазған едік.

    Олардың қатарында Санжар Тәшкенбай, ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхан, ағайынды Нұрбек және Айбек Оралбай, Бекзад Нұрдәулетов, Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова сияқты танымал боксшылар бар.

    Биыл бокстан Қазақстан чемпионаты қай қалада өтетіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.