jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: бокстан салмақ дәрежелері бекітілді

    рингте тұрған боксшы
    Рингте тұрған боксшы. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    2025 жылғы қазанда Бахрейнде өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында боксшылар қандай салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Басылымның жазуынша, бәсекелер Exhibition World Bahrain көрме орталығында ұйымдастырылады. Жарысқа 2009-2010 жылы туған ұлдар мен қыздар қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

    • ұлдар: 46 келі, 50 келі, 54 келі, 60 келі, 66 келіге 75 келіге дейін және 80 келіден жоғары;
    • қыздар 46 келі, 50 келі, 54 келі, 60 келі, 66 келі, 75 келіге дейін және 80 келіден жоғары салмақта бас сынайды.

    Жекпе-жектер үш раундтан тұрады. Әр раунд екі минутқа созылады. Раундтар арасында бір минуттық үзіліс болады. Жеңімпаздарды анықтау үшін Asian Boxing пен Азия Олимпиадалық кеңесі мақұлдаған электронды ұпай санау жүйесі қолданылады.

    Айта кетсек, бастапқыда бокс бұл ойындардың бағдарламасына енгізілмеген еді. Алайда World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкиннің бастамасымен бұл спорт түрін тізімге қосу туралы шешім қабылданды. Бұл ұсыныс аймақта да, сондай-ақ Азия Олимпиадалық кеңесі мен Asian Boxing тарапынан да қолдау тапты.

    Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары 2025 жылдың 22-31 қазан аралығында өтеді. Жарыстар 24 спорт түрінен ұйымдастырылып, 5000-нан астам спортшы бақ сынайды.

    2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: бокстан салмақ дәрежелері бекітілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.