jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Бекзад Нұрдәулетов: Төрешілер қазақ боксшыларын ешқашан сүйреген емес

    Бекзад Нұрдәулетов
    Бекзад Нұрдәулетов. Фото: instagram/nurdauletovbekzad

    Бокстан әлем және Азия чемпионы Бекзад Нұрдәулетов журналист Ақырыс Сейтқазыға берген сұхбатында төрешілікке қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.

    "Қазір төрешілікте мәселе бар, ол көп айтылуда. Біз мұны Токио Олимпиадасынан бастап айттық, бірақ ешкім мән бермейтін. Сол уақытта сол мәселеге мән берілмеген соң, Парижде де бұл жағдай қайталанды. Енді алдағы Лос-Анджелес Олимпиадасында бұл жағдай жойылса екен деп тілеймін. Төрешілердің бүйрек бұратынына енді назар аударылып жатыр.

    Негізі біздің қазақ боксшысы жекпе-жекте жеңіліп, бірақ төрешілер жеңісті алып берді деген жағдай мүлде болмаған. "Біздің бала ұтылып тұр еді, бірақ төрешілер болысты", — деген әңгімені естігенім жоқ. Керісінше, ұтып тұрған жекпе-жекті қарсыласқа бере салатын сәттер көп.

    Біз үшін мұндай жеңіс керек емес. Біз жеңсек, таза, әділ жеңеміз. Өзің де келесі жолы абыроймен жүру үшін керек бұл. Қазақ боксшыларын төрешілер ешқашан сүйреген жоқ", - деді Нұрдәулетов.

    Айта кетелік, Бекзад Нұрдәулетов Ливерпульдағы әлем чемпионатында бақ сынайды.

    Бекзад Нұрдәулетов: Төрешілер қазақ боксшыларын ешқашан сүйреген емес

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.