jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Әлімханұлы мен Адамес арасындағы жекпе-жек қашан өтеді: бокс инсайдерінің болжамы

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

    Белгілі бокс инсайдері Бернардо Пилатти WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес арасындағы біріктіру жекпе-жегі 2025 жылдың соңына қарай өтеді деген болжам жасады, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Белгілі болғандай, тараптар 22 қарашада Сауд Арабиясында жекпе-жек өткізу туралы келіссөз жүргізген, алайда қаржылық мәселеде ортақ шешімге келе алмаған. Пилаттидің айтуынша, жекпе-жек АҚШ-та өтетін болса, боксшылар бұдан да төмен сыйақы алуы мүмкін.

    "Бұл мәселеге қатысты күмәнім бар. Екеуі ұсынылған ақшаны қабылдамаса, жекпе-жекті ұйымдастыру қиынға соғады. Себебі қаржы аз, ал телеарналардың қолдауы жеткіліксіз. ESPN қазір бокс көрсетілімдерін сиретіп жіберді. DAZN-ның екі боксшымен де байланысы жоқ. Карлос Адамес – PBC боксшысы, ал Жәнібек Әлімханұлы – Top Rank-тің өкілі. Алайда Top Rank келесі жылға дейін трансляция серіктесінен айырылды. Олар алдағы уақытта қай арнамен жұмыс істейтіні әзірге белгісіз.

    Өз басым бұл жекпе-жек желтоқсанда PBC кардтарының бірінде өтеді деп сенемін. Екеуі де белгілі бір ымыраға келуі керек деп санаймын. Сауд Арабиясында ақша мол, ал АҚШ-та жағдай басқаша. Дегенмен олар келіссөз үстеліне қайта оралып, желтоқсандағы PBC турнирлерінің бірінде орта салмақтағы үш белбеуді біріктіретін жекпе-жек өткізеді деп ойлаймын", - деді Пилатти өзінің YouTube арнасында.

    Айта кетейік, Жәнібектің соңғы жекпе-жегі биыл сәуір айында Астанада өтті. Ол кезде қазақстандық боксшы француз спортшысы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын.

    Әлімханұлы мен Адамес арасындағы жекпе-жек қашан өтеді: бокс инсайдерінің болжамы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.