jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бокстан әлем чемпионаты: бүгін екі қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады

    Аида Әбікеева
    Боксшы Аида Әбікеева. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Бокстан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде екі қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады. Бұл туралы еліміздің бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Федерацияның мәліметінше, екі боксшы да күндізгі сессияда өнер көрсетеді.

    Атап айтқанда, 57 келіде Карина Ибрагимова грекиялық Панагита Кузилумен қолғап түйістірсе, 65 келіде Аида Әбікеева мажарстандық Лука Хамориға қарсы жекпе-жек өткізеді.

    Күндізгі сессиядағы кездесеулер Қазақстан уақытымен 15:00-де басталады.

    Айта кетейік, әлем біріншілігінің алғашқы күнінде қазақ боксшылары арасынан алғашқы болып рингке шыққан Элина Базарова (54 келі) жарысты аяқтады. Ол өзбекстандық Нигина Уктамоваға жол берді.

    90 келді сынға түскен тағы бір боксшымыз Сағындық Тоғамбай англиялық Айзек Оконы 3:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

    Бокстан әлем чемпионаты: бүгін екі қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.