Жәнібек Әлімханұлы сүйінші жаңалығын жариялады
Опубликовано:
Кәсіпқой бокстың жұлдызы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында келісімшарттың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді, деп хабарлайды 1bol.kz.
"Шешіліп қалды! Келісім-шарт 2-3 күнде біту керек! Осы апта жариялайтын шығар! Зор жаңалық болады бұйыртса!" - деп жазды Әлімханұлы.
Бұған дейін белгілі бокс инсайдері Бернардо Пилатти WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес арасындағы біріктіру жекпе-жегі 2025 жылдың соңына қарай өтетінін болжаған еді.
Айта кетейік, Жәнібектің соңғы жекпе-жегі биыл сәуір айында Астанада өтті. Ол кезде қазақстандық боксшы француз спортшысы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2283990-zhanibek-alimhanuly-suiinshi-zhangalygyn-zhariialady/