jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Жүрегі бос па": Төрехан Сабырхан жеке өміріне қатысты сауалға жауап берді

    Төрехан Сабырхан
    Төрехан Сабырхан. Фото: instagram.com/sabyrkhantorekhan

    Ливерпульде өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері Төрехан Сабырхан "1001 түн" бағдарламасында жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді, деп жазады 1bol.kz.

    Бағдарлама барысында спортшыдан жеке өміріне қатысты сауал да қойылды.

    "Қазіргі таңда жүрегіңіз бос па?" деген сұраққа Сабырхан: "Жоқ, бос емес. Маған ұнайтын бір қыз бар", деп жауап берді.

    Айта кетейік, финалда 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сабырхан жапониялық Севон Окадзавамен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.

    Төрехан Сабырхан – жастар мен жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы. Бұл — құрлық боксы тарихындағы бірегей нәтиже. Сонымен қатар ол 2025 жылдың сәуірінде кәсіпқой рингте дебют жасап, жеңісті жолын бастаған болатын.

    2024 жылы Қарағандыда өткен Қазақстан чемпионатының "алтынын" иеленсе, 2025 жылы Болгарияда ұйымдастырылған беделді "Странджа кубогын" да жеңіп алды.

    "Жүрегі бос па": Төрехан Сабырхан жеке өміріне қатысты сауалға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.