jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлттық құрамадан екі боксшы енді: World Boxing "Жылдың үздік боксшысы" атағына үміткерлерді жариялады

    Махмұд Сабырхан
    Махмұд Сабырхан. Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

    World Boxing халықаралық федерациясы "Жылдың үздік боксшысы" атағына үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның мәліметінше, үміткерлер тізіміне Қазақстан ұлттық құрамасының екі боксшысы енген.

    Ерлер арасында биыл әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Астанада өткен Әлем кубогының кезеңінде топ жарған Махмұд Сабырхан номинацияға ұсынылған.

    Ал әйелдер арасында 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Наталья Богданова үміткер атанып отыр.

    Жалпы әр номинация бойынша бес боксшыдан ұсынылған. Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады және Instagram желісінде жанкүйерлер арасында "1 лүпіл = 1 дауыс" ережесімен өткізіледі.

    Боксшыларға осы сілтеме арқылы дауыс беруге болады.

    Ұлттық құрамадан екі боксшы енді: World Boxing "Жылдың үздік боксшысы" атағына үміткерлерді жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.