jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Боксшылар Оразбек Асылқұлов пен Теміртас Жүсіповке құрмет көрсетілді

    Боксшылармен кездесу
    Боксшылармен кездесу. Фото: Ақмола облысының әкімдігі

    Ақмола облысында Дубайда бокстан өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері Теміртас Жүсіпов пен Оразбек Асылқұловқа құрмет көрсетілді. Бұл туралы өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысының әкімдігінде боксшылармен кездесу өткен.

    Кездесуде өңір әкімі Марат Ахметжанов спортшылардың Ақмола облысының ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы екенін, жетістіктері өскелең ұрпаққа жарқын үлгі екенін атап өткен.

    Сондай-ақ салтанатты жиында боксшыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталған.

    Естеріңізге сала кетейік, Дубайда IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында Оразбек Асылқұлов алтын медаль жеңіп алса, Теміртас Жүсіпов қола жүлдегер атанды.

    Жалпы, бұл әлем біріншілігінде Қазақстанның ерлер құрамасы командалық есепте екінші орын алды. Ал Оразбек Асылқұлов алғаш рет әлем чемпионы атанды.

    Бұдан бөлек, бұл жарыста Сәкен Бибосынов пен Абылайхан Жүсіпов те жеңіс тұғырына көтерілді.

    Боксшылар Оразбек Асылқұлов пен Теміртас Жүсіповке құрмет көрсетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.