jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім қабылдады

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) допинг дауына қарамастан, қазақстандық орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлының мәртебесін әзірге сақтап қалды, деп хабарлайды 1bol.kz.

    WBO жаңартқан рейтингте Әлімханұлы әлі де өз салмағында әлем чемпионы ретінде көрсетілген. Ал басты үміткерлер үштігіне британиялық Дензел Бентли, венесуэлалық Эндри Сааведра және кубалық Йоэнлис Эрнандес енген.

    Еске салайық, желтоқсан айының басында, 7 желтоқсанға жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы біріктіруші жекпе-жекке санаулы күн қалғанда, қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған еді. Соның салдарынан жекпе-жек кейінге шегеріліп, WBO бұл жағдайға байланысты ішкі тергеу бастаған.

    Допинг сынамасының "B" үлгісін ашу 8 қаңтарға жоспарланған. Егер екінші сынама да оң нәтиже көрсетсе, Жәнібек Әлімханұлы дисквалификацияға ұшырап, чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін.

    WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.