jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қарағанды облысының әкімі Абылайхан Жүсіпов пен Сабыржан Аққалықовқа ақшалай сертификат табыстады (фото)

    Абылайхан Жүсіпов және Ермағанбет Бөлекпаев
    Абылайхан Жүсіпов және Ермағанбет Бөлекпаев. Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

    Қарағанды облысының әкімдігінде Дубайда бокстан өткен әлем чемпионатында топ жарған Абылайхан Жүсіпов пен күміс жүлдегер Сабыржан Аққалықовқа құрмет көрсетілді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев спортшыларды әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсетуімен құттықтап, оларға ақшалай сертификаттар табыстаған.

    Өңір басшысы қарағандылық боксшылардың жетістігі табандылықтың, көпжылдық еңбектің, мықты мінездің және бүкіл команданың кәсіби жұмысының нәтижесі екенін, олар жастарға үлгі екенін атап өтті.

    Кездесуде Абылайхан Жүсіпов осыған дейін үш әлем чемпионатында жартылай финалда тоқтап, үш рет қола жүлде алғанын, сондықтан қобалжу болғанын, бірақ осы жылдарда жинаған тәжірибесі көп көмектескенін айтты.

    "Бір маңызды жайтты атап өткім келеді: 2007 жылы қарағандылық Серік Сәпиев екінші рет әлем чемпионы атанды. Дәл сол жылы мен Абай қаласында бокспен айналыса бастадым. Араға 18 жыл салып, алтын медаль әкелу бұйырды. Бұл мен үшін тарихи сәт. Бұл – балалық арманым еді: алдымен жасөспірімдер арасында, кейін жастар арасында әлем чемпионы болдым, енді ересектер арасында да осы биікті бағындырдым", - деді ол.

    Сабыржан Аққалықов және Ермағанбет Бөлекпаев
    Сабыржан Аққалықов және Ермағанбет Бөлекпаев. Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

    Күміс жүлдегер Сабыржан Аққалықов та жарысқа тек жеңіс үшін шыққанын айтты.

    "Бокста кейде солай болады: сен жақсы өнер көрсетесің, бірақ жеңісті төрешілер басқа спортшыға береді. Соған қарамастан, әр жарысқа алтынға деген ниетпен шығамыз. Алда – қарқынды жаттығулар және басты мақсат – Олимпиада ойындарында жеңіске жету", - деді спортшы.

    Қарағанды облысының әкімі Абылайхан Жүсіпов пен Сабыржан Аққалықовқа ақшалай сертификат табыстады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.