jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Танымал боксшы Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

    Бекзад Нұрдәулетов
    Бекзад Нұрдәулетов. Фото: instagram.com/sport_basqarmasy_mangystau

    Белгілі боксшы Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Нұрдәулетов Бекзад Жалғасбайұлы Маңғыстау облысы бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің басшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Бекзад Нұрдәулетов 1998 жылғы 10 сәуірде Түркіменстан Республикасының Балқан облысында дүниеге келген.

    "Маңғыстау бокс клубы" ЖШС-ға бокстан нұсқаушы-спортшы ретінде қабылданған.

    2015-2019 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясын "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2019-2021 жылдары осы академияда магистр дәрежесін иеленген.

    Бокстан жоғары жетістіктері:

    • 2019 жылғы Әлем чемпионы;
    • 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы;
    • 2024 жылғы Азия чемпионы;
    • 2025 жылғы Әлем кубогінің иегері.

    Сондай-ақ ол "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" және "Құрмет" орденінің иегері.

    Танымал боксшы Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.