"Странджа" турнирі: Қазақстан құрамасы 4 алтын медаль жеңіп алды
Опубликовано:
Болгарияда бокстан 77-ші "Странджа" халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл дода Қазақстан құрамасы 4 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
23 ақпан - 1 наурыз күндері аралығында Софияда өткен халықаралық турнирде 31 мемлекеттен 338 боксшысы жүлдеге таласқан. Жарысқа Қазақстаннан 39 боксшы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленген.
Алтын медаль алған боксшылар:
- 50 келі. Даниал Сәбит
- 54 келі. Элина Базарова
- 80 келі. Надежда Рябец
- +80 келі. Валерия Аксенова.
Күміс медаль алған боксшылар
- 70 келі. Фарух Тоқтасынов
- 65 келі. Лаура Есенкелді.
Қола жүлде иегерлері
- 54 келі. Әнел Сақыш
- 75 келі. Валентина Хальзова
- +80 келі. Дина Исламбекова.
Бокс федерациясының мәліметінше, ерлер арасында 50 келіде және әйелдер арасында 54, 80 келіде алғаш рет "Странджа" турнирінің алтын медалі бұйырған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2349112-strandzha-turniri-qazaqstan-quramasy-4-altyn-medal-zhengip-aldy/