Бүкіләлемдік күрес федерациясы (UWW) олимпиада ойындарында қазылық жасайтын төрешілер тізімін бекітті деп хабарлайды Baq.kz.
Рио додасында күрес түрлерінен әлем бойынша елу адам жұмыс істейді. Сұрыпталған мамандардың арасында қазақстандық Бақытжан Жақсықұлов сынды білікті қазы бар.
Бұған дейін түрлі халықаралық додаларда төрелік еткен Жақсықұлов олимпиада ойындарында екінші рет төрелік етеді.
Жақсықұловтың Лондон олимпиадасында қазылық еткен болатын. Одан бері өткен әлем және Азия чемпионаттарында балуандар белдесуінде жеңімпаз балуандардың қолын көтерді. Бүгінде білікті маман саналатын ол ел ішіндегі жарыстарда да төрелік етіп жүр.
Шымкенттік Бақытжан Жақсықұлов супервайзер міндетін атқарады. Супервайзер кілемдегі төрешілердің жұмысын қадағалайтыны белгілі. Даулы жағдайлардың әділдігін қазы болып саналады.
«Бұл жұмыс өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Біздің нағыз біліктілігіміз сыналар сәт те осы дода. Олимпиадаға баруға Қазақстан күрес федерациясының басшылары қолдау көрсетіп отыр», - дейді Бақытжан Жақсықұлов.
Бүгінде ол Шымкент қаласындағы №4 Ләззат Тәжиева атындағы спорт мектебіне басшылық қызмет атқаруда.
Тағы да оқыңыздар:
Танымал әнші Төреғали Төреәлі Шымкентте шу шығарды (фото)
Синоптиктер Алматыда күннің неге қатты күркірегенін түсіндіріп берді
Отандық саясаттанушы лаңкестіктің туындауын елімізде идеалдардың жоқтығымен байланыстырды
Назарбаев: Қазақ жалқау деген анекдоттан құтылу керек
Қырғыз президенті: Ұры министр болғанша, көше сыпырған артық
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1177888-rio-olimpiadasynda-qazaqstandyq-mam/