Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан тұңғыш рет дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирін өткізетін болды

Опубликовано:

Елдос Сметов Рио Олимпиадасында. 2016 жыл, тамыз
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) әлемдік Grand Slam жарысын Қазақстанда өткізу туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысы аясында Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының ресми кездесуі өтті.

Кездесуге Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Екіжақты келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam турнирін 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды.

Жарыс Астана және Алматы қалаларында Qazaqstan barysy Grand Slam атауымен өткізіледі. Сондай-ақ жарыс аяқталғаннан кейін жыл сайын тұрақты түрде халықаралық оқу-жаттығу лагері ұйымдастырылады.

Анықтама:

Grand Slam – Халықаралық жарыс күнтізбесіне сәйкес IJF World Tour аясында өткізілетін әлемдік турнирлер сериясы. IJF ережесі бойынша, жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпай үлестіріледі. Атап айтқанда, 1-орынға 1000, 2-орынға - 700, ал 3-ші орынға 500 ұпайдан беріледі.

Qazaqstan barysy Grand Slam жарысында дзюдошылар 2024 жылы Париж және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ұпай жинайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2008106-qazaqstan-tungys-ret-dzyudodan-alemdik-grand-slam-turnirin-otkizetin-boldy/