jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Дзюдодан әлемдік Grand Slam: 20 жастағы қазақ баласы қола медальға таласады

    Нұрқанат Серікбаев кезекті жеңісінен соң
    Нұрқанат Серікбаев. Фото: ijf.org

    Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі басталды. Қазақ балуандары арасынан Нұрқанат Серікбаев қола медальға таласады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    60 келі салмақта сынға түскен Нұрқанат жарысты екінші айналымнан бастады. Ол Моңғолия балуанын ұтқанымен, ширек финалда ереже бұзғаны үшін ресейлік Рамзан Абдуллаевқа жол берді.

    Ал жұбаныш белдесуінде тағы бір моңғол балуаны Йолк Казырбекті жеңді. Қола медаль үшін айқаста Нұрқанат Серікбаев Оңтүстік Корея өкілі, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ли Ха Риммен кездеседі.

    Бұл салмақтағы Шерзод Давлатов, 66 келідегі Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтар жарысты жүлдесіз аяқтады.

    Дзюдодан әлемдік Grand Slam: 20 жастағы қазақ баласы қола медальға таласады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.