Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салмақ ауыстырған Ризабек Айтмұханның Олимпиадаға дайындығы қалай

Жарияланған күні:

Ризабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан. Фото: ANDREJ ISAKOVIC/AFP via Getty Images

Еркін күрестен Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан Олимпиада лицензиясын алу үшін дайындықты бастап кеткенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Jibek Joly TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның олимпиадалық салмақ саналатын 97 келіге ауысқанын мәлімдедіген болатын.

"Өнер көрсететін салмағым 92 келі Олимпиада бағдарламасына кірмейді. Сол үшін салмағымды 97 келіге көтердім. Қазақстанда іріктеу жарысынан өтіп, келер жылы сәуірде Бішкекте өтетін Азия чемпионатына бару керек. Өйткені ол жақта Олимпиада ойындарының лицензиясы ойнатылады. Лицензия алсам ғана Олимпиадаға бара аламын", - деп айтты спортшының "Түнгі студия" бағдарламасында.

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатынан кейін үш-төрт аптадай демалғанын, қазір жаттығуды бастап кеткенін айтты.

"Шынымен де, уақыт өте аз. Олимпиада ойындарына 7-8 айдай уақыт бар. Салмақ ауыстырдым. Басқа қарсыластар, күштері көп, әрі күрестері басқаша. Ол жақта Садулаев сияқты мықты қарсыластар бар. Оларды ұту үшін үш-төрт есе еңбектену керек. Сонда ғана жеңіске жетеміз. Дайындықты бастадық", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2049173-salmaq-auystyrgan-rizabek-aitmuxannyn-olimpiadaga-daiyndygy-qalai/