Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олимпиадаға баратынымды сездім": Мейрамбек Қартбай жолдама еншілегеннен кейінгі әсерін бөлісті

Опубликовано:

Балуан Мейрамбек Қартбай
Балуан Мейрамбек Қартбай. Фото: Olympic.kz

Еркін күрестен 57 кг салмақ дәрежесінде белдесетін Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасына жолдаманы еншілегеннен кейін әсерін бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Олимпиадаға баруым мүмкін екенін сездім. Өйткені, Ресей құрамасының қатысу-қатыспауы әу бастан белгісіз болды. Сондықтан жаттығуды бір сәтке де тоқтатқан емеспін. Қазіргі таңда ұлттық құрамамен бірге Дағыстанда дайындалып жатырмын. Жолдама маған бұйырғанын естігенде, әрине, қуандым. Бірақ мен соңғы екі іріктеу турниріне қатысқан командаластарыма да тілеулес болдым.

Кілемде ғана қарсыласпыз. Өмірде бір-бірімізге жанашырмыз. Енді Париж додасы күтіп тұр. Олимпиадада оңай қарсылас жоқ. Бірақ мен бәрімен де күресіп көрдім, бәрінің де ыңғайын білемін. Бар күшімді саламын, қалғанын кілем көрсетеді", - дейді балуан Мейрамбек Қартбай.

Күрес түрлерінен Ресей құрамасы Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқаннан кейін Олимпиада лицензиялары қайтадан үлестірілді. Осылайша Мейрамбек Қартбай лицензияға ие болды. Қазақстандық балуан Париждегі бәсекеде 57 кг салмақта белдеседі. 

Айта кетейік, көпшілік тағатсыздана күткен Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан еркін күрестен 4 спортшы бақ сынасады. Олар: Мейрамбек Қартбай (57 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Әлішер Ерғали (97 кг) және Юсуп Батырмұрзаев (125 кг).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2130996-olimpiadaga-baratynymdy-sezdim-meirambek-qartbai-zholdama-enshilegennen-keiingi-aserin-bolisti/