Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: қазақстандық дзюдошылар боз кілемге қай күндері шығады

Жарияланған күні:

Елдос Сметов
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошылар қай күндері сынға түсетіні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Париж Олимпиадасында дзюдо бәсекелері 27 шілде – 3 тамыз аралығында болады. Қазақстан атынан 8 спортшы сынға түседі.

Ел намысын Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг), Әбиба Әбужақынова (48 кг), Есмигүл Куюлова (63 кг), Камила Берліқаш (+78 кг) қорғайды.

Париж Олимпиадасында болатын дзюдо жарыстарының кестесі (Қазақстан уақыты бойынша)

27 шілде (әйелдер – 48 кг, ерлер – 60 кг)

  • 13.00. Іріктеу кезеңі.
  • 20.18. Финалдық блок.

28 шілде (ерлер – 66 кг)

  • 13.00. Іріктеу кезеңі.
  • 20.18. Финалдық блок.

29 шілде (ерлер – 73 кг)

  • 13.00. Іріктеу кезеңі.
  • 20.18. Финалдық блок.

30 шілде (ерлер – 81 кг, әйелдер – 63 кг)

  • 13.00. Іріктеу кезеңі.
  • 20.18. Финалдық блок.

1 тамыз (ерлер- 100 кг)

  • 13.00. Іріктеу кезеңі.
  • 20.18. Финалдық блок.

2 тамыз (әйелдер +78  кг)

  • 13.00. Іріктеу кезеңі.
  • 20.18. Финалдық блок.

3 тамыз (аралас командалық жарыс)

  • 11.00. Іріктеу кезеңі.
  • 19.00. Финалдық блок.

Еске салайық, жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын дзюдодан Қазақстан құрамасы анықталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2131017-parizh-olimpiadasy-qazaqstandyq-dziudoshylar-boz-kilemge-qai-kunderi-shygady/