jitsu gif
Спорт

    Бес дүркін Олимпиада чемпионы Қазақстан халқына алғыс айтты

    Тедди Ринер
    Тедди Ринер. Фото: LUIS ROBAYO/AFP via Getty Images

    Франциялық дзюдошы, Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Тедди Ринер Қазақстан халқына алғыс айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Тедди Ринердің қазақстандықтарға сәлем жолдаған видеосы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

    "Сәлем, қазақстандықтар! Мен Қазақстанға екі рет барғанмын. Екі сапарым да қатты ұнады. Федерацияға, ел президентіне және күллі Қазақстан халқына алғыс айтамын", - деді Тедди Ринер.

    Айта кетейік, 100 кг салмақ дәрежесінде белдесетін Тедди Ринер Париж Олимпиадасының финалында Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин‑Чонды жеңіп, алтын медаль еншіледі. Сондай-ақ ол Франция дзюдо құрамасымен командалық сайысқа қатысып, тағы да жеңімпаз атанды. Осылайша, бес дүркін Олимпиада чемпионы болды. Дзюдошы Лондон мен Риода жекелей сында, ал Токиода командалық жарыста алтын медаль жеңіп алған болатын.

    Дзюдодан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында 1 алтын, 1 қола медаль иеленді. Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені қанжығалаған еді.

    Бес дүркін Олимпиада чемпионы Қазақстан халқына алғыс айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.