jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Әбиба Әбужақынова татами төріне қашан оралады: бас бапкер жауап берді

    Әбиба Әбужақынова
    Әбиба Әбужақынова. Фото: t.me/kazjudoteam

    Париж Олимпиадасына қатысып, 5-орын алған Әбиба Әбужақынова 11-13 қазан аралығында Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Әбиба Әбужақынова 11-13 қазан аралығында Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады деп команданың бас бапкері Ерлан Алпысбаев мәлімдеді.
    • Ерлан Алпысбаевтың айтуынша, Ғалия Тынбаева Хорватияда Гран-при турниріне дайындалып жатыр және алдағы уақытта бірнеше турнирлерге қатысады.
    • Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында 5-орын алған, ал Ғалия Тынбаеваның жыл соңына дейінгі жарыс кестесі тығыз болады.

    Әбиба Әбужақынованың алдағы уақытта қандай додаларда бақ сынайтыны жөнінде команданың бас бапкері Ерлан Алпысбаев Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына берген сұқбатында айтты.

    "Әбибаның Қазақстан чемпионатына күресу, күреспеуі белгісіз. Жыл соңына қарай, қазанда өтетін Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысады. Олимпиададан кейін Әбибаны "Жеңіс" клубы демалысқа жіберді. Париж ойындарына франциялық  мамандар және жеке бапкерімен дайындалды. Аздаған демалыстан соң Әбужақынова татамиге қайта оралады. Биылғы маусымда әлі қатысатын додалар бар", - деді Ерлан Алпысбаев.

    Сондай-ақ құраманың бас бапкері Ерлан Алпысбаев дзюдошы Ғалия Тынбаеваның да жақын арада татамиге оралатынын жеткізді.

    "Ғалия Тынбаева мен Ақерке Рамазанова қазір жеке жоспар бойынша Хорватияның Загреб қаласында өтетін Гран-при турниріне дайындалып жатыр. Одан бөлек, Ғалияны 14-20 қазан аралығында Ташкентте өтетін әскери қызметкерлер арасындағы әлем біріншілігіне жібереміз.  Қараша айында Тынбаева Қазақстан біріншілігінде бақ сынайды. Содан соң, Токиодағы Grand Slam турнирінде белдеседі. Жыл соңына дейін Ғалияның жарыс кестесі өте тығыз болмақ", - деді бас бапкер Ерлан Алпысбаев.

    Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының қола медалі үшін күресте швециялық Тара Бабулфатқа есе жіберген болатын.

    Әбиба Әбужақынова татами төріне қашан оралады: бас бапкер жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.