jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Дзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды

    Жұрқамырза Шүкірбеков
    Жұрқамырза Шүкірбеков. Фото: Нұрғали Жұмағазы

    Қазақстандық дзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    J2 санаты (көру қабілеті нашар спортшылар) бойынша +90 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Жұрқамырза Шүкірбеков үшінші орынға таласта франциялық Насер Зорганиді жеңді. Осылайша, Қазақстан қоржынына тоғызыншы медальді салды.

    Айта кетейік, Жұрқамырза Шүкірбеков ширек финалда Бразилия спортшысы Сержиу Фернандесті мерзімінен бұрын жеңген еді. Бірақ жартылай финалда грузиялық Реваз Чикоидзеге есе жіберді.

    Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 2 алтын, 3 күміс, 4 қола жүлде бар. Пауэрлифтингтен Давид Дегтярев және дзюдодан Ақмарал Науатбек алтын жүлдені қоржынға салса, оқ атудан Еркін Ғаббасов, жүзуден Нұрдәулет Жұмағали, дзюдодан Ерғали Шәмей күміс, ал жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков және дзюдодан Даяна Федосова, Зарина Раифова, Жұрқамырза Шүкірбеков қола жүлде жеңіп алды.

    Дзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.