Спорт

Зектілері

Көшпенділер ойыны: қазақ күресінен іріктеу жарыстары басталды

Жарияланған күні:

Қазақ күресінен сынға түсетін балуандар
Қазақ күресінен сынға түсетін балуандар. Фото: Көшпенділер ойынының баспасөз қызметі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында қазақ күресінен іріктеу кезеңінің бәсекелері басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанада қазақ күресінен іріктеу жарыстары басталды.
  • Ерлер мен әйелдер әртүрлі салмақ дәрежелерінде бақ сынайды, финалдық кезең 16:00-де басталады.
  • Қазақ күресінен жарыстар 10 қыркүйекте аяқталады, ал V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында өтеді.

Бүгін, 9 қыркүйекте Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында қазақ күресінен іріктеу кезеңінің бәсекелері басталды. Ерлер 55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайтын болса, әйелдер 48 кг, 52 кг, 56 кг, 60 кг салмақ дәрежелерінде бақ сынайтын болады.

Осы салмақ дәрежелері бойынша финалдық кезең бүгін сағат 16:00-де басталады.

Қазақ күресінен өтетін жарыстар ертең, 10 қыркүйекте өз мәресіне жетеді.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Бұл дода елімізде тұңғыш рет өтіп жатыр. Қатысушылар 21 спорт түрінен бақ сынайды. Барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2158936-koshpendider-oiyny-qazaq-kuresinen-irikteu-zharystary-bastaldy/