Спорт

Зектілері

Бейбіт Қорғанов әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды

Жарияланған күні:

Бейбіт Қорғанов
Бейбіт Қорғанов. Фото: uww.org

Грек-рим күрес шебері Бейбіт Қорғанов жастар арасындағы әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бейбіт Қорғанов жұбаныш белдесуінде германиялық Антон Вьювегпен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық балуан 0:9 есебімен есе жіберіп қойды.

Егер грек-рим күрес шебері Бейбіт Қорғанов бұл кездесуді жеңген кезде қола медаль үшін таласқа түсер еді.

Сондай-ақ Бейбіт Қорғанов 1/8 финалдық кезеңде армениялық Хайку Хлоянуға есе жіберген болатын.

Айта кетейік, бүгін, 22 қазанда Албанияның Тиран қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші күні жалғасын тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2177325-qazaqstandyq-baluan-zhastar-arasyndagy-alem-chempionatynyng-zhubanysh-beldesuinde-zhengilip-qaldy/