jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ күресінен "Қазақстан барысы – 2024" турнирі басталды (фото)

    Қазақстан Барысы
    Көрнекі фото: "Qazaq kuresi" қауымдастығы

    Бүгін, 26 қазан Астанада қазақ күресінен XIII республикалық "Қазақстан барысы" турнирі басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде қазақ күресінен ХІІІ республикалық "Қазақстан барысы" турнирі басталды. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі “ZHOSHY” этно-фольклор ансамбілінің өнерімен өз шымылдығын ашады.

    Бұдан кейін жеребе тарту рәсімі өтіп, балуандар өздерінің алғашқы қарсыластарын анықтайды.

    "Қазақстан барысы" турнирінің тікелей эфирін Qazsport TV арнасынан көруге болады.

    Бұл турнирде облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген еліміздің ең мықты балуандары бақ сынайтын болады. Олар еліміздің 17 облысы мен Республикалық маңызы бар 3 қала Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары. Сондай-ақ турнирге өткен жылғы "Қазақстан барысы" жеңімпазы мен "Әскер барысы" екі балуаны қатысады.

    Айта кетейік, турнирдің нәтижесі бойынша ең мықты балуан анықталып, ол 15 миллион теңге көліміндегі бас жүлдені алады.

    Қазақ күресінен "Қазақстан барысы – 2024" турнирі басталды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.