jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қос қазақстандық балуан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

    Еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан
    Еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық балуандар Ризабек Айтмұхан (97 кг) мен Алан Оралбек (57 кг) Албанияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ризабек Айтмұхан (97 кг) Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

    Ширек финалда Ризабек Айтмұхан қарсыласы Владислав Козловтан басым түсті. Енді Ризабек Айтмұхан жартылай финалда Шамиль Имам Гаджиалиевке қарсы кездесу өткізеді.

    Ал 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Алан Оралбек ширек финалда моңғолиялық Джигуур Сарантуйдан басым түсті. Енді Алан Оралбек жартылай финалда үндістандық Чираг Чирагпен кездеседі.

    Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан қыркүйекте Испанияда өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған болатын.

    Қос қазақстандық балуан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.