Спорт

Зектілері

"Қазақстан барысы – 2024": жартылай финалда белдесетін балуандардың есімдері анықталды

Жарияланған күні:

Ерсұлтан Мұзаппаров
Ерсұлтан Мұзаппаров. Фото: "Қазақстан барысы" баспасөз қызметі

Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен XIII республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің жартылай финалдық жұптары анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде қазақ күресінен ХІІІ республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің ширек финалдық бәсекелері аяқталды. Аталмыш бәсекенің жартылай финалында кездесетін балуандардың есімдері белгілі болды.

"Қазақстан барысы – 2024" турнирінің жартылай финалдық жұптары:

  • Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы) – Әділ Оразбаев (Әскер барысы);
  • Саят Шамшиев (Абай облысы) – Ерасыл Қажыбаев (Абай облысы).

Бұл турнирде облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген еліміздің ең мықты балуандары бақ сынайтын болады. Олар еліміздің 17 облысы мен Республикалық маңызы бар 3 қала Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары.

Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 27 100 000 теңгені құрайды, оның ішінде 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына беріледі. Жүлделер келесідей бөлінеді: 1-орын үшін – 15 000 000 теңге, 2-орын үшін – 3 300 000 теңге, 3-орын үшін – 1 080 000 теңге. Әр жеңіске жеткен белдесуі үшін балуан 100 000 теңге алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2179019-qazaqstan-barysy-2024-zhartylai-finalda-beldesetin-baluandardyng-esimderi-anyqtaldy/