jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды: қай өңірдің спортшылары көш бастады

    Аруна Жангельдина
    Аруна Жангельдина. Фото: Olympic.kz

    Ақтөбеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасында өткен Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Біріншіліктің қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының дзюдошылары көш бастады, деп KAZ.NUR.KZ Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақтөбеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионаттың жекелей сынына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 510 дзюдошы қатысты.

    Жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде 3 алтын, 1 қола жүлдемен Ақтөбе облысының спортшылары көш бастады. Қоржынында 2 алтын, 3 күміс және 2 қоласы бар Абай облысы медаль кестесінде екінші орынға жайғасса, 2 алтын, 1 қола жүлдемен Астана қаласының құрама командасы үздік үштікті түйіндеді.

    Сондай-ақ ел чемпионатының соңғы күнінде аралас-командалық жарыстар бойынша үздіктер анықталды. Өте тартысты өткен финалдық кездесуде Алматы қаласының спортшылары Алматы облысының дзюдошыларын 4:2 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Финалист Алматы облысы екінші күміске қол жеткізсе, Атырау және Қарағанды облысының дзюдошылары командалық жарыстың қола жүлдегері атанды.

    Сондай-ақ Қазақстан чемпионатында барлығы 12 IJF халықаралық дәрежедегі төреші төрелік етті.

    Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының нәтижесінде 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан ұлттық құрама жасақталады.

    Дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды: қай өңірдің спортшылары көш бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.