Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің салмағындағы бәсекелестік туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Bassport.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Елдос Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға дайын болса, әрине, күресіп, жеңетініне сенемін. Бірақ шындықты айту керек: егер Елдосты жастар жеңіп жатса, ол өзі де күресті қояды ғой. Олар жеңе алмаса, кешірім сұраймыз. Елдосты жеңсін, сосын жарыстарға барсын. Мықтылар бару керек қой. Кәсіби спортта жасқа емес, нәтижеге қарау керек. Күресің жүріп, жеңіп жатсаң – тек алға!" - деді Ғалымжан Жылгелдиев.
Айта кетейік, Ғалымжан Жылгелдиев ҚР Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырған "Үздік" атты салтанатты шарада "Үздік жаттықтырушы" номинациясын иеленді. Ал дзюдошы Елдос Сметов "2024 жылдың үздік спортшысы" жүлдесін еншіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2204576-zhastar-zhengse-ol-kuresti-qoiady-eldos-smetovting-bapkeri-shakirtining-mansabyna-qatysty-batyl-pikir-bildirdi/