jitsu gif
Спорт

    Алматыда ардагер балуандар арасында ірі халықаралық жарыс басталды

    Ардагер балуандар жарысы
    Ардагер балуандар жарысы: sportbugin.kz

    Алматыдағы Sadu Arena спорт кешенінде еркін және грек-рим күресінен "Ардагер алаңы" халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sportbugin.kz.

    Турнирге Қазақстанның барлық облысынан, Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан және Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, АҚШ-тан балуандар  қатысуда.

    Жарыстың  құрметті қонақтары қатарында "Қазақстан Барысы" турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев, белгілі спорт функционері Ерлан Қожасбай және күрес ардагерлері бар.

    Ашылу салтатында сөз алған турнирді ұйымдастырушы әрі идея авторы Ерлан Малаевтың айтуынша, бұл турнир дәстүрге айналып келеді және болашақта ірі  жарыстардың қатарына қосатын жоспар бар.

    "Биыл біздің бәсекемізге Америкадан балуандар келді. Жалпы есебі, турнирге 500-ге жуық  ардагер спортшы қатысып жатыр. Бұл бәсекені  ұйымдастырудағы басты мақсат — ардагер балуандарды ұмыт қалдырмау. Жасы біразға келсе де, әлі күнге дейін кілемнен кетпеген, күресті өмір салтына айналдырған спортшылар бар.

    Соларға қолдау көрсетуіміз керек. Олардың көпшілігі қаражаттың жоқтығына байланысты, шетелдегі жарыстарға шыға алмайды. Ал осы бәсекеге біз  жан-жақтан балуандар шақырып, жергілікті ардагер күрес  шеберлеріне мүмкіндік жасаймыз", — дейді Ерлан Малаев.

    Алғашқы жарыс күнінде грек-рим және еркін күрестен жеңімпаздар анықталды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.