jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Жібек Құлымбетова АҚШ-қа кететін болды

    Жібек Құлымбетова
    Жібек Құлымбетова. Фото: instagram.com/zhibek_bjj

    Джиу-джитсудан әлемнің 8 дүркін чемпионы Жібек Құлымбетова АҚШ-қа виза алды. Бұл туралы спортшы қыздың өзі әлеуметтік желіде бөлісті. Виза он жылға берілген, деп хабарлайды 1bol.kz.

    "Достар, Америка Құрама Штаттарына 10 жылға виза алдым. Қатты қуанып тұрмын. Себебі бұған дейін тапсырғанда, маған бермей қойған. Америка, күт мені", - деді Жібек.

    Жібек Құлымбетова былтыр қараша айында Грекияда өткен жастар арасындағы (U21) джиу-джитсу бойынша әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, джиу-джитсудан сегіз мәрте әлем чемпионы атанды. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

    Айта кетерлігі, Жібек — Алматы облысына қарасты Іле ауданының тумасы. 9 жастан бері спортпен кәсіби түрде айналысады. Бүгінде Қазақстан спорт шебері, Б.Момышұлы атындағы "Намыс" төсбелгісі мен "Дара бала" медалінің иегері. Талай халықаралық додалардың жеңімпазы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.