jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұхан Түркияда алтын алды

    Қазақстандық боксшылар
    Қазақстандық боксшылар. Фото: ҚР Спорт комитеті

    Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан еркін күрестен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде қазақстандық 3 спортшы жүлде алды, деп хабарлайды ҚР Спорт комитеті.

    Тұғыр сатысына көтерілгендер:

    1. Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) 1-орын

    2. Азамат Дәулетбеков (-86 кг) 2-орын

    3. Ризабек Айтмұхан (-97 кг) 1-орын

    Нұрқожа финалда Рамазан Рамазановтан (Болгария), Ризабек Ахмед Магомаевтан (Болгария) басым түсті. Ал Азамат Дәулетбеков ақтық сында Әли Цокаевқа (Әзірбайжан) есе жіберді.

    Айта кетейік, Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир бүгін аяқталады. Шешуші жарыс күні еркін күрес шеберлері қалған салмақта кім мықтыны анықтайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.