jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбелік балуан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды (фото, видео)

    Жаңажол Қуанышбек бапкерімен
    Жаңажол Қуанышбек бапкерімен. Фото: instagram.com/kazwrestling_official

    Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Афинада өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды olympic.kz сайты.

    Қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған.

    Финалдық белдесуде Қуанышбек қырғыз балуаны Нуркерим Кумарбековті жеңген.

    Бұған дейін осы әлем біріншілігінде Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) қола жүлде еншілеген.

    Айта кетейік, Жаңажол Қуанышбек Ақтөбе өңірінің тумасы. Оны жарқын жеңісімен Ақтөбе облысының әкімдігі де құттықтады.

    Ақтөбелік балуан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.