jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тарихи жүлде: 17 жастағы қазақстандық қыз әйелдер күресінен 12 жылдан кейін ел қоржынына "алтын" салды

    Усманова Мадхия
    Усманова Мадхия. Фото: ҰОК

    Афиныда (Грекия) өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында 17 жастағы қазақстандық Усманова Мадхия алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

    Қазақстандық Мадхия Усманова әйелдер күресінен Грекияның Афина қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

    57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Усмановаға бұл жолы тең келетін қарсылас табылмады. Финалда ол Үндістан өкілі Мониді 6:5 есебімен ұтып, алтын жүлдеге қол жеткізді.

    Ал 43 келіге дейінгі салмақта Інжу Баққожа қола медаль еншіледі.

    Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Жаңажол Қуанышбек те алтын медаль жеңіп алған болатын.

    Бұл ел қоржынына әйелдер күресі бойынша әлем чемпионатынан 12 жылдан кейін түскен тарихи алтын жүлде. Соңғы рет 2013 Абибакирова Эльмира әлем чемпион атанған еді.

    Тарихи жүлде: 17 жастағы қазақстандық қыз әйелдер күресінен 12 жылдан кейін ел қоржынына "алтын" салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.