
Хорватия құрамасы Әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
1/8 финалда Жапония мен Хорватия кездесті. Al Janoub стадионында өткен матчтың негізгі және қосымша уақытында жеңімпаз анықталған жоқ.
Пенальти сериясында еуропалық ұжымның қақпашысы Доминик Ливакович жоғарғы деңгейдегі ойын үлгісін көрсетті. Ол Жапония құрамасының футболшылары тепкен үш соққыны қайтарды.
Осылайша, пенальти сериясында 1:3 есебімен Златко Даличтың шәкірттері жеңіске жетіп отыр.
Енді Хорватия құрамасы ширек финалда Оңтүстік Корея-Бразилия жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000257-xorvatiya-zaponiya-arasyndagy-matctyn-zenimpazy-penalti-seriyasynda-anyqtaldy/