Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жанын беруге дайын": Марокко құрамасындағы ойыншылардың жартысынан көбі шетелде туып-өскен

Жарияланған күні:

Ашраф Хакими әнұран айтуда
Ашраф Хакими. Фото: instagram/achrafhakimi

15 желтоқсанға қараған түні футболдан Катардағы әлем чемпионатының финалына шығатын екінші команда анықталады. Ал финал жолдамасына таласатын Марокко ойыншыларының жартысынан көбі Еуропада дүниеге келген, деп хабарлайды Спорт-Экспресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нақтылап айтар болсақ, Марокко намысын қорғайтын 14 футболшы өзге елде дүниеге келген.

Мәселен, Мазрауи, Амрабат, Зиеш және Абухлял Нидерландыда өмір есігін ашты.

Зарури, Шаир, Амалла мен Әл-Ханнус Бельгияда туылған.

Саисс пен Буфаль Францияда, Хакими мен Мунир Испанияда, Шеддира Италияда дүниеге келді. Ал қақпашы Яссин Бунудың кіндік қаны Канада жерінде тамған.

"Мен мұнымен көп күрестім. Әлем чемпионатының қарсаңында да бұл проблемамен кездестік. "Бұл жігіттер Марокконы жақсы көрмейді. Осында туып-өскендерді ғана құрамаға неге қоспайсыз?", деген сұрақтар болды. Мен Францияда өмірге келдім, бірақ менің жүрегімнен елімді ешкім жұлып алмайды. Әрбір марокколық ұлттық құрама үшін күресіп, құрама үшін жанын беруге дайын", - деді бас бапкер Валид Реграги.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001622-zanyn-beruge-daiyn-marokko-quramasyndagy-oiynsylardyn-zartysynan-kobi-seteldi-tuyp-osken/