Марокко құрамасы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына жеткен тұңғыш араб елі әрі Африка құрлығының өкілі атанды. Осыған орай, өзге мұсылман футболшылар аталған командаға алғыс білдіруде, деп хабарлайды champonat.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мәселен, ұзақ жылдар бойы Германия құрамасында ойнаған түрік футболшысы Месут Озил африкалық командаға сәттілік тіледі.
"Мен Мароккомен мақтанамын. Олар мұсылман әлемі үшін үлкен жетістікке жетті", - деді Месут.
Сондай-ақ, алжирлік ойыншы Рияд Марез Марокконың бұл жетістігі Африка құрлығы мен араб елдерін үлкен белеске шығарғанын айтты.
"Португалиялық достарым болса да, мен Мароккоға жанкүйер боламын", - деді Марез.
Ал ұлттық құраманың бас бапкері Валид Реграги араб бапкерлеріне еуропалық клубтардың көңіл аудармайтынына қынжылды.
"Барселона" немесе "Манчестер Сити" араб бапкерін шақырады дегенге сену мүмкін емес. Олар мұндай нұсқаларды мүлде қарамайды. Бізді мұндайға лайық көрмейді", - деді ол.
Айта кетелік, Марокко құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады.
- Франция мен Марокко арасындағы матчтың үздік ойыншысы кім (фото)
- Әлем чемпионатында ең көп голдық пас берген футболшы кім
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001684-alemdegi-bedeldi-musylman-oiynsylar-marokkoga-qalai-qoldau-korsetti/