Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси мен Неймар бастаған "ПСЖ" клубы Франция кубогының ширек финалына шыға алмады

Опубликовано:

Месси
"ПСЖ" футболшылары матч алдында. Фото: Twitter/Paris Saint-Germain

Париждік "ПСЖ" клубы футболдан Франция кубогының ширек финалына шыға алмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

1/8 финалда "Марсель" мен "ПСЖ" кездесті. "Велодром" стадионында өткен матчта алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Алексис Санчес, Руслан Малиновский - Серхио Рамос.

Осылайша, "Пари Сен-Жермен" клубы екінші жыл қатарынан Франция кубогының 1/8 финалынан әрі аса алмады.

Айта кетейік, ширек финалға "Марсель" клубынан бөлек "Аннеси", "Нант", "Гренобль", "Родез", "Тулуза", "Лион" секілді ұжымдар жолдама алды. Тағы бір команда бүгін, 9 ақпанда "Лорьян" - "Ланс" арасындағы ойында анықталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008705-messi-men-neimar-bastagan-psz-kluby-franciya-kubogynyn-sirek-finalyna-syga-almady/