Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

Сан-Марино мен Қазақстан арасындағы матчты қайдан көруге болады

Жарияланған күні:

Зайнутдинов
Бақтиер Зайнутдинов пен Асхат Тағыберген жаттығу кезінде. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Бүгін, 16 маусымда 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы матчта Сан-Марино мен Қазақстан кездеседі.

Қос құрама арасындағы матч Италияның Парма қаласындағы "Эннио Тардини" стадионында өтпек.

Матч Астана уақытымен 00:45-те басталады деп күтіліп отыр.

Қазақстандықтар Сан-Марино мен Қазақстан арасындағы ойында Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре алады.

Айта кетейік, Сан-Марино - әлемдегі ең әлсіз құрамалардың бірі және FIFA рейтингінде 201 орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2025128-san-marino-men-qazaqstan-arasyndagy-matcty-qaidan-koruge-bolady/