Иран ұлттық қауіпсіздігінің жоғарғы кеңесі әйелдерге футбол көру үшін стадионға баруына рұқсат етті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Әйелдер футбол көру үшін стадионға бара алады. Ұлттық қауіпсіздіктің жоғарғы кеңесі осындай шешім қабылдады", - деді Иран футбол федерациясының президенті Мехди Таджа.
Айта кетелік, 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін Иранда әйелдердің ерлер арасындағы спорттық жарыстарды стадионнан көруіне тыйым салынған еді.
Соңғы жылдары футбол матчтарын көру үшін әйелдер квотамен жіберіліп отырды.
2018 жылы ФИФА президенті Джанни Инфантинов Ирандағы мемлекеттік шенеуніктерден әйелдерге ұлттық құрама матчтарын көрсетуді талап еткен болатын.
2019 жылы шамамен үш жарым мың әйел Иран мен Камбоджа арасындағы матчты тамашалаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2027075-iranda-aielderdin-futbol-matctaryna-baruyna-resmi-turde-ruqsat-etildi/