Алматы қаласында қазақ футболының аңыз ойыншысы Сейілда Байшақовты еске алуға арналған халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қайрат" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасай отырып.
Алматыда өтетін халықаралық турнирге 2007 жылы туған футболшылардан жасақталған төрт команда қатысады:
- "Қайрат" U-17 (Қазақстан)
- "Зенит" U-17 (Ресей)
- "Пахтакор" U-17 (Өзбекстан)
- "Насаф" U-17 (Өзбекстан)
Матчтар Тимур Сегізбаев атындағы "Қайрат" футбол клубының академиясында 6 қарашадан 10 қарашаға дейін болады. Төрт команда бір-бірімен жеке ойнап шығады. Ең көп ұпай жинаған екі команда финалға шықса, қалған екі ұжым үшінші орынға таласады.
Айта кетейік, Сейілда Байшақов - КСРО спорт шебері және ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2043522-qairat-zenit-zane-paxtakor-futbol-klubtary-xalyqaralyq-turnirde-kezdesedi/