Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ювентустың" бұрынғы ойыншысы Джорджо Кьеллини бапкерлік мансабын бастады

Жарияланған күні:

Джорджо Кьеллини
Джорджо Кьеллини. Фото: instagram.com/lafc

Футболдан Италия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Джорджо Кьеллини "Лос-Анджелес" клубының бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Лос-Анджелес" командасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

39 жастағы Кьеллини 2022 және 2023 жылғы маусымда "Лос-Анджелес" сапында ойнады. Енді команданың бас бапкері Стив Черундоломен және оның жаттықтырушылар штабымен бірге жұмыс істеп, негізгі құрам ойыншыларын жаттықтыруға көмектеседі.

Джорджо Кьеллини 2022 жылы желтоқсанда футболшы мансабын аяқтаған еді. Ол 22 жылдық кәсіби мансабында "Ливорно", "Фиорентина" және "Ювентус" клубтарында ойнады. 2022 жылдың маусымында "Лос-Анджелеске" қосылған болатын. Осы команда сапында Кьеллини 45 матчқа қатысты.

"Біз Джорджоға ойыншы ретіндегі мансабының соңғы 18 айын "Лос-Анджелесте" өткізгені үшін алғыс айтамыз. Осы уақыт ішінде біздің клуб үшін құнды футболшы екенін дәлелдеді. Біз штатқа керемет көшбасшы және жақсы адамды қосқанымызға қуаныштымыз”, — деді "Лос-Анджелестің" бас директоры Джон Торрингтон.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2055923-yuventustyn-buryngy-oiynsysy-dzordzo-kellini-bapkerlik-mansabyn-bastady/