jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қайрат Боранбаев Алматыда тағы бір футбол клубын ашпақ

    Қайрат Боранбаев
    Қайрат Боранбаев. Фото: instagram.com/kairat4

    Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев Алматыда тағы бір футбол клубын ашуға дайындалып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metaratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің мәліметінше, жаңа клуб Almaty United деп аталады және 2025 жылғы маусымда QFL екінші лигасында ойнайды. Клубты ашуға басты себеп Боранбаев басқаратын "Қайрат" футбол клубының академиясынан шыққан футболшыларды ойын тәжірибесімен қамтамасыз ету болып отыр.

    Жаңа клуб өз алаңындағы матчтарын "Қайрат" академиясы нысандарының бірінде өткізеді. Ал клубтың бас директоры "Қайраттың" бұрынғы директоры, қазір Player Сareer Management футбол агенттігінің басшысы Баймұханов Марат Бүркітұлы болады.

    Еске салайық, Қайрат Боранбаев 2023 жылы сот үкімімен мемлекеттік мүлікті жымқыруға жәрдемдескені үшін мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда 20 қазанда оның жазасы жеңілдетілгені белгілі болды. Сотта жазаның өтелмеген бөлігі бостандықты шектеуге ауыстырылды деп хабарланды. Ал қарашада Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты.

    Биыл маусымда кәсіпкер Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланған болатын.

    Қайрат Боранбаев Алматыда тағы бір футбол клубын ашпақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.