Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: футбол додасының ширек финалында ойнайтын құрамалар анықталды

Жарияланған күні:

Футболдан Аргентина олимпиадалық құрамасы
Футболдан Аргентина олимпиадалық құрамасы. Фото: Tullio M. Puglia/Getty Images

Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы (U-23) футбол додасының топтық кезеңі аяқталып, ширек финалға шыққан барлық құрама анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Олимпиаданың топтық кезеңінде 16 команда ойнады. Әр топтағы үздік 2 құрама плей-офф кезеңіне жолдама алды. А тобында Франция мен АҚШ үздік атанса, В тобынан Марокко мен Аргентина, ал С тобынан Мысыр мен Испания, ал D тобынан Жапония мен Парагвай келесі кезеңге өтті.

Ширек финалда төмендегі жұптар ойнайды:

  • Франция – Аргентина;
  • Мысыр – Парагвай;
  • Марокко – АҚШ;
  • Жапония – Испания.

Айта кетейік, ширек финалдық матчтар 2 тамызда өтсе, жартылай финал 5 тамызға, үшінші орын үшін матч 8 тамызға, ал финал 9 тамызға жоспарланған.

Осыған дейінгі Токио-2020 Олимпиадасында Бразилия құрамасы жеңіске жеткен еді. Бразилиялықтар ақтық сында Испания құрамасын 2:1 есебімен ұтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2142400-parizh-olimpiadasy-futbol-dodasynyng-shirek-finalynda-oinaityn-quramalar-anyqtaldy/