jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Футболдан Париж Олимпиадасының финалында бақ сынайтын құрамалар анықталды

    Футболдан Испания құрамасының ойыншылары
    Футболдан Испания құрамасының ойыншылары. Фото: Marcio Machado/Eurasia Sport Images/Getty Images

    Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары аясындағы футбол турнирінің жартылай финалдық кезеңінің матчтары аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Франция футбол құрамасы Мысырды 3:1 есебімен қосымша уақытта жеңіп, Олимпиада ойындарының финалына шықты.
    • Испания құрамасы Марокконы 2:1 есебімен жеңіп, екінші финалист атанды.
    • Франция мен Испания арасындағы финалдық матч 9 тамыз күні Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:00-де өтеді.

    Жартылай финалдық кезеңнің алғашқы кездесуінде Марокко құрамасы Испаниядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Матчтағы алғашқы голды 37-минутта пенальтиді мүлтіксіз орындаған марокколық ойыншы Соуфиан Рахими соқты. Ойынның 66-минутында Испания құрамасының футболшысы Фермин Лопес есепті теңестірсе, матчтың 85-минутында Хуан Луис Санчес есепті 2:1-ге жеткізіп, испаниялықтарға жеңіс сыйлады.

    Екінші жартылай финалдық ойында Франция құрамасы Мысырды қосымша уақытта 3:1 есебімен жеңді. Бірінші таймда командалар есеп аша алмады. Бұл кездесудегі алғашқы голды 62-минутта Мысыр құрамасының ойыншысы Махмуд Сабер соқты. Франция құрамасының футболшысы Жан-Филипп Матет матчтың 83-минутында есепті теңестіріп, ойын қосымша уақытқа ұласты.

    Қосымша уақытта Жан-Филипп Матет пен Майкл Олис көзге түсіп, франциялықтарды финалға алып шығарды. Мысыр пен Марокко арасындағы қола жүлде үшін болатын кездесу 8 тамызда сағат 18:00-де басталады.

    9 тамыда сағат 21:00-де Франция мен Испания арасындағы футболдан Олимпиадалық турнирдің финалы өтеді.

    Футболдан Париж Олимпиадасының финалында бақ сынайтын құрамалар анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.