jitsu gif
Спорт

    Қазақстан – Словения матчы: бастапқы құрамда алаңға шығатын ойыншылар тізімі жарияланды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

    Футболдан УЕФА Ұлттар лигасының топтың кезеңі аясында кездесетін Қазақстан және Словения командаларының бастапқы құрамы белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ойын бүгін, 9 қыркүйекте Люблянадағы (Словенияда) "Стожице" стадионында болады және Астана уақытымен сағат 23:45-те басталады.

    Қазақстан командасының бастапқы құрамы:

    • Қақпашы: Игорь Шацкий (№12);
    • Қорғаушылар: Сергей Малый (№2), Нұралы Әліп (№3), Александр Марочкин (№22), Марат Быстров (№4);
    • Жартылай қорғаушылар: Ян Вороговский (№11), Бақтиер Зайнутдинов (№19), Асхат Тағыберген (№8), Рамазан Оразов (№7);
    • Шабуылшылар: Максим Самородов (№10), Абат Айымбетов (№17).

    Словения командасының бастапқы құрамы:

    • Қақпашы: Ян Облак (№1);
    • Қорғаушылар: Давид Брекало (№23), Ванья Дркушич (№21), Яка Бийол (№6), Эрик Янжа (№13);
    • Жартылай қорғаушылар: Тими Элшник (№10), Санди Ловрич (№8), Петар Стоянович (№20), Адам Черин (№22);
    • Шабуылшылар: Беньямин Шешко (№11), Андраж Шпорар (№9).

    Еске салайық, 6 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын өз алаңында Норвегияға қарсы өткізген еді. Бұл матчта екі команда 0:0 есебімен тең тарқасты. Ал Словения құрамасы топтық кезеңдегі бірінші матчта Аустриямен тең ойнаған болатын (1:1).

    Қазақстан – Словения матчы: бастапқы құрамда алаңға шығатын ойыншылар тізімі жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.