Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов "Манчестер Сити" клубында доп тебетін норвегиялық Эрлинг Холандқа қатысты айтқан сөздерін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sovsport.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Маған жақында сұрақ қойылды, бірақ әлі күнге дейін ешкім менің жауабымды түсінбеді. Енді түсіндірейін. Маған: "Гвардиола Холандты тіпті тапаншамен де тоқтату мүмкін емес деп айтыпты" деді.
Ал мен: "Гвардиола – ұлы бапкер. Холандқа мұндай қару әсер етпейді деп айтқаны үшін рақмет. Демек, біз уақытты босқа өткізбейміз, бізде басқа қару бар – АКМ. Барлығы сол кезде автомат Калашниковты ойлады, бірақ бізде бұл қару қорғаушыларымыздың есімдерімен аталады: Әліп, Қасым, Марочкин. АКМ – бұл Холандты тоқтататын үш орталық қорғаушы. Міне, мен өз жауабымның мағынасын ашып отырмын. Кейде журналистер бапкерлердің айтқандарын түсінбейді", - деді Станислав Черчесов.
Айта кетейік, Станислав Черчесовтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Норвегиямен 0:0 есебімен тең ойнап, Словениядан 0:3 есебімен жеңілген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2165640-stanislav-cherchesov-holandqa-qatysty-aitqan-sozin-tusindirdi/