jitsu gif
Спорт

    Лига кубогы: елордалық қос клуб турнирдің финалына жолдама алды

    Дмитрий Шомко мен Рамазан Кәрімов
    Дмитрий Шомко мен Рамазан Кәрімов: instagram.com / fca.astana

    Кеше, 25 қыркүйекте футболдан Лига кубогының жартылай финалында қазақстандық клубтар қарымта матчтарын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Лига кубогының бірінші жартылай финалдық жұбында елордалық "Жеңіс" пен алматылық "Қайрат" клубтары кездесті. Бұл ойында "Қайрат" клубының ойыншысы Георгий Зария дубль жасап, алматылық команданы 2:0 есебімен алға шығарды.

    Бірақ алғашқы ойында "Жеңіс" клубы 2:0 есебімен басым түскендіктен, жалпы есеп 2:2 болып, командалар өзара мықтыны пенальти сериясында анықтады. Пенальти сериясында "Жеңіс" клубы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

    Ал екінші жартылай финалдық жұпта елордалық "Астана" мен семейлік "Елімай" клубтары шеберлік байқасты. Екі ойынның қорытындысы бойынша қос клуб 0:0 есебін тіркеп, матч пенальти сериясына ұласты.

    Пенальти сериясында "Астана" клубы семейліктерден 3:1 есебімен басым түсіп, Лига кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды.

    Айта кетейік, "Жеңіс" пен "Астана" арасындағы Лига кубоыгының финалдық матчы 24 қарашада өтеді деп жоспарланған.

    Лига кубогы: елордалық қос клуб турнирдің финалына жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.