Спорт

Зектілері

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Жарияланған күні:

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Anvar Ilyasov - FIFA/FIFA via Getty Images

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңі аясында Португалияға қарсы ойнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Өзбекстанның Әндіжан қаласында өткен матчта Қазақстан құрамасы есеп ашты. Ойынның 10-минутында Шыңғыс Есенаманов Қазақстан құрамасын алға шығарды. Ал матчтың 20-минутында Португалия құрамасының ойыншысы Зики Те есепті теңестірді. Ал 39-минутта Дәурен Тұрсағұлов жеңіс голын соқты.

Аталмыш турнирдің D тобында сынға түскен Қазақстан құрамасы 7 ұпай еншілеп, екінші орынмен плей-оффқа шыққан болатын.

Алғашқы ойында Испаниямен 1:1 есебімен тең түссе, Ливияны 4:1 есебімен жеңген еді. Ал Жаңа Зеландияға қарсы үшінші ойында 10:0 есебін тіркеп, ірі жеңіске қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, әлем чемпионатының ширек финалы 29-30 қыркүйекте, жартылай финалы 2-3 қазанда өтеді. Ал ақтық сын 6 қазанда Ташкентте өтеді деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2166543-qazaqstan-quramasy-alem-chempionatynyng-shirek-finalyna-zholdama-aldy/